Парасат биігіндегі ұстаз

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, педагогика және психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандиданты Молдағалиев Байжан Айдынғалиұлының 70 жасқа толу мерейтойына орай «Парасат биігіндегі ұстаз» атты магистранттармен кездесу кеші өтті. Педагогика ғылымдарының кандиданты, педагогика факультетінің деканы Габдрахманова Шынар Төлегеновна кештің алғысөзін сөйлеп, кеш иесін мерейтойымен құттықтады. Экраннан Байжан Айдынғалиұлының өмірбаяны көрсетіліп, қатысушылар ардагер ұстаздың өнегелі өмір жолымен танысты. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, ардагер ұстаздың өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үлгі етуге бағытталған кездесу барысында замандас-әріптестері Ломоносов Илья Матвеевич, Хусаинов Мергали Сергазиевич, Муханбетчина Аклима Габделовна, Адельбаева Нурия Адильжановна, Нургалиев Кенес Айтжанович, Иргалиев Асылбек Сапаргалиевич, Хабиева Дина Гарифуллаевна, Кулдашева Надежда Утегалиевна сөз алып, жылы лебіздерін, ыстық ықыластарын білдірді. Кітапханашы Гулшира Шаденқызы өмірлік және шығармашылық жолы ізденіс пен құлшынысқа толы Байжан Айдынғалиұлына арналған «Парасат биігіндегі ұстаз» атты кітап көрмесімен таныстырды. Қарымды еңбек етіп, білімді де парасатты шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстазға студенттер қауымы сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.
Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын студенттердің санасына жеткізуді де назардан тыс қалдырмау керектігіне тоқталған Байжан Айдынғалиұлы кеш барысында әріптестері мен замандастарына зор ілтипатын білдіріп, құрмет көрсеткендеріне алғыс айтты. Кешті университеттің ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы қорытындылады.
Азиза СУЙНШКАЛИЕВА ссылка на оригинальную статью


Печать