ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА

20 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде педагогика факультеті және университет мұражайымен бірлесе дайындаған «Ұстаз - ұлы тұлға» атты ардагер ұстаз, зейнеткер аға оқытушы Темірғали Қайырғалиұлының 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.Мерейтой иесінің өмір жолымен, қызметтегі еңбектерімен мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі Д.Г.Хабиева таныстырды. Болашақтың құзіретті тұлғасын тәрбиелеуде асыл ұстаздан тәлім алған шәкірттері жетерлік.Олар еліміздің түкпір – түкпірінде түрлі салада жемісті еңбек атқарып жүр.Солардың біразы киелі қара шаңырағымызда абыройлы қызмет атқарып жүрген университетіміздің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.С.Тасмағамбетов, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М.Дәрішева, «Рухани жаңғыру» институтының жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.С. Қыдыршаев, кәсіподақ төрағасы, мәдени-тынығу жұмысының магистрі Қ.М.Сүлейменов сөз сөйлеп өз құттықтауларын білдірді. Білім беру саласында ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде ардагер ұстазымызбен бірге еңбек жолында ағалы – інілі болып кеткен Батыс өңіріне танымал тарихшы, өлкетанушы, «ҚазИИТУ»ғылыми-білім кешені рухани жаңғыру кафедрасының меңгерушісі С.Х.Сүлейменов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ жаратылыстану-география факультетінің, биология және экология кафедрасының оқытушысы Н.Р.Молдаханов және бес жыл куратор болған студенті, география кафедрасының оқытушысы С.К.Рамазанов қонаққа келіп, сол сәттегі қызметтерін еске түсіріп, еңбек жолындағы тарихқа шолу жасады.Сонымен бірге, ұлағатты ұстазымыздың замандастары, әріптестері ардагерлер кеңесінің төрағасы, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушысыМ.С.Хусаинов,педагогика ғылымдарының докторы Б.И.Сарсенбаева, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.С.Байболсынова ұстазымызды мерейлі жасымен құттықтап,оқыту мен білім берудегі сіңірген еңбек жолымен ой бөлісті.Ардақты ұстазымызға арнап, студенттер өлең жолдарын арнап, күй ойналып, әндер шырқалды. Шара соңында педагогика факультетінің деканы Ш.Т.Габдрахманова және факультет ұжымы мен мұражай меңгерушісі М.К.Есикенова сөз сөйлеп, өз лебіздерін білдірді.

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы


Печать